Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Кеңқияқ ауылдық округі, Кеңқияқ ауылы, көшесі Ыбырай Алтынсарин, үй 11Б, пошталық индексі 030807
+7 (xxx) xxx xx xx
+7 (xxx) xxx xx xx
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
“Зере” бөбекжай-балабақшасы
Ақтөбе облысының білім басқармасы Темір ауданының білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің “Зере” бөбекжай-балабақшасы МКҚК

20 мамыр күні "Зере" бөбекжай-балабақшасында облыстық "Жасыл балабақша" жобасы аясында "ЖАСЫЛ БАЛАБАҚША-МҰНАЙЛЫ ӨЛКЕДЕ" тақырыбында ұйымдастырылған семинар өтті.

Семинар бағдарламасында:

«Мұнай байлық табиғат аманат»» танымдық таныстырылым. Әдіскер: Даржанова Г.С.
️«Қара алтынның құпиясы» кіріктірілген ұйымдастырылған іс-әрекет. Тәрбиеші: Амангалиева К.А. «Ойла - Жаса -Зертте» STEAM бағыты бойынша Робототехникалық шебер сағат. Тәрбиешілер: Кожаева У.С.; Есбосынова А.С.;
«Метео аялдама-табиғатты тану алаңы» экологиялық квест. Тәрбиеші Еламан Ә.;
«Жасыл бақша –үміт дәні»» экологиялық шолу. Тәрбиеші: Есенжолова Г.Е.;
«Табиғатты қорғайтын еңбекқор аралар» кіріктірілген ұйымдастырылған іс-әрекет. Тәрбиеші: Казбекова А.А.;
«Ғажайып дыбыстар әлемі» музыкалық оркестірі музыка жетекшісі Казбаева А.К.;
«Шығармашыл бала-жасыл болашақ» Шығармашылық жұмыс тәрбиеші Түгелбай А.Қ.;
«Мен табиғаттың бір бөлшегімін» тренинг психолог Турганбаева Ж.Б.;
«Алғыс ағашы»Рефлекция Даржанова Г.С.;
Кері байланыс

Балалардың белсенділігі мен педагогтердің шығармашылығы көпшілікке ерекше әсер сыйлады. 
Табиғатты аялау – болашаққа деген қамқорлық.
Жас ұрпақтың бойына экологиялық мәдениетті қалыптастыру – баршамыздың ортақ міндетіміз! 
Семинарға қатысып, тәжірибе алмасқан барлық әріптестерімізге алғыс білдіреміз! 
Бірге жасыл болашаққа қадам басайық!