«Дәрумен шәйханасы»
«Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету бойынша 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес өңірлердегі мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілерімен «Дәрумен шәйханасы» тақырыбында жазғы сауықтыру іс-шарасы ұйымдастырылды.
Мақсаты: Балалардың денсаулығын нығайту, таза ауада белсенді демалыс ұйымдастыру, пайдалы сусындар мен тағамдардың маңызын түсіндіру. Балалардың достық қарым-қатынасын, белсенділігін, шапшаңдығы мен ұйымшылдығын дамыту.
Іс-шара табиғат аясындағы жайлы беседкада көңілді әрі жылы атмосферада өтті. Балалар самаурыннан дайындалған дәруменге бай жемісті шайдан дәм татып, пайдалы тәттілермен көңілдерін көтерді. Шай үстіндегі жылы әңгімеден кейін балалар қызықты қимылды ойындарға белсене қатысып, ән айтып, көңілді уақыт өткізді.
Дәруменді шәй — денсаулыққа пайдалы, көңілді күн — балаға қуаныш!
@temir_bilim_bolimi
@bolatbek_aldimyrzauly
@_balalardy_damytu_instituty
#жазғысауықтыру
#дәрумендішайхана
#жаз
Ертегі әлеміне саяхат!
«Зере» бөбекжай-балабақшасында бүлдіршіндер «Түлкінің туған күні» ертегісін көлеңке театры арқылы тамашалап, ертегі кейіпкерлерімен бірге қызықты оқиғаға саяхат жасады.
Көлеңке театры балалардың қиялын дамытып, зейінін арттырып, кейіпкерлердің іс-әрекеті арқылы достықтың, сыйластықтың және мейірімділіктің маңызын түсінуге мүмкіндік берді.
Ертегі әлеміндегі әрбір көрініс бүлдіршіндердің ерекше қызығушылығын оятып, жүздеріне күлкі сыйлады.
Баланың қиялы – оның болашаққа бастар ең жарқын жолы.