«Зере» бөбекжай-балабақшасында «Қара алтынның құпиясы» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында мектеп жасына дейінгі балаларға туған өлкенің байлығы – мұнай туралы жас ерекшеліктеріне сай түсінік беріліп, танымдық және тәжірибелік іс-әрекеттер ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында тәрбиеленушілер мұнайдың жер қойнауынан қалай өндірілетінін, оның қай салаларда қолданылатынын таныстырды. Балалар тәжірибелер жасап, мұнайдың қасиеттерін бақылап, шығармашылық жұмыстар арқылы өз білімдерін көрсетті.
Семинардың мақсаты – балалардың туған өлке табиғи байлықтары туралы білімдерін кеңейту, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, экологиялық мәдениетін қалыптастыру және заманауи білім беру технологияларын тәжірибеде тиімді қолдану болды.
Тәрбиеші: Амангалиева К.А.
2026 жылғы 20 мамыр күні «Зере» бөбекжай-балабақшасында «Жасыл балабақша – мұнайлы өлкеде» атты облыстық семинар өтті. Семинар барысында «Балапан» ортаңғы тобының тәрбиешісі Есенжола Г.Е. «Жасыл бақша – үміт дәні» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті.
Іс-тәжірибе барысында тәрбиеленушілермен бірге түрлі дәндерді егіп, оларды күтіп-баптау жұмыстары жүргізілгені көрсетілді. Балалар дәннен көкөніс және басқа да дақыл түрлерін өсіріп, табиғатқа қамқорлық жасаудың маңызын тәжірибе арқылы меңгерді. Сонымен қатар, балалардың еңбекке деген қызығушылығы артып, өсімдіктің өсу кезеңдерін бақылау арқылы танымдық қабілеттері дамыды.
Семинардың мақсаты – мектепке дейінгі ұйымдарда экологиялық тәрбие берудің тиімді жолдарын насихаттау, балаларды табиғатты аялауға баулу, еңбекке тәрбиелеу және жасыл орта қалыптастыру бағытындағы педагогтердің іс-тәжірибелерімен алмасу болды.
"Метео аялдама – табиғатты тану алаңы" ашылды.
"Зере" бөбекжай-балабақшасында облыстық «Жасыл балабақша – Мұнайлы өлкеде» тақырыбындағы семинар аясында "Метео аялдама – табиғатты тану алаңы" атты ерекше нысанның ашылу рәсімі өтті.
Салтанатты шара барысында Темір аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Темирханова Гульшат Темирхановна қызыл лентаны қиып, алаңның ашылуына құрмет көрсетті.
Табиғатты тануға бағытталған алаңда ауа райын бақылауға арналған 8 түрлі құрал орналастырылған. Бұл құралдар арқылы бүлдіршіндер табиғат құбылыстарын бақылап, зерттеу жұмыстарын жүргізіп, қоршаған орта туралы танымын кеңейтеді.
Жобаның мақсаты:
1.Балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.
2.Табиғатты бақылау мен зерттеуге қызығушылығын арттыру.
3.Ауа райын болжау құралдарымен таныстыру.
4.Зерттеушілік және танымдық қабілеттерін дамыту.
5.Табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Осындай танымдық алаңдар арқылы бүлдіршіндердің қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігі артып, зерттеушілік қабілеттері дамиды.
Балабақша тәрбиеші: Еламан Әйгерім
20 мамыр күні "Зере" бөбекжай-балабақшасында облыстық "Жасыл балабақша" жобасы аясында "ЖАСЫЛ БАЛАБАҚША-МҰНАЙЛЫ ӨЛКЕДЕ" тақырыбында ұйымдастырылған семинар өтті.
Семинар бағдарламасында:
«Мұнай байлық табиғат аманат»» танымдық таныстырылым. Әдіскер: Даржанова Г.С.
«Қара алтынның құпиясы» кіріктірілген ұйымдастырылған іс-әрекет. Тәрбиеші: Амангалиева К.А. «Ойла - Жаса -Зертте» STEAM бағыты бойынша Робототехникалық шебер сағат. Тәрбиешілер: Кожаева У.С.; Есбосынова А.С.;
«Метео аялдама-табиғатты тану алаңы» экологиялық квест. Тәрбиеші Еламан Ә.;
«Жасыл бақша –үміт дәні»» экологиялық шолу. Тәрбиеші: Есенжолова Г.Е.;
«Табиғатты қорғайтын еңбекқор аралар» кіріктірілген ұйымдастырылған іс-әрекет. Тәрбиеші: Казбекова А.А.;
«Ғажайып дыбыстар әлемі» музыкалық оркестірі музыка жетекшісі Казбаева А.К.;
«Шығармашыл бала-жасыл болашақ» Шығармашылық жұмыс тәрбиеші Түгелбай А.Қ.;
«Мен табиғаттың бір бөлшегімін» тренинг психолог Турганбаева Ж.Б.;
«Алғыс ағашы»Рефлекция Даржанова Г.С.;
Кері байланыс
Балалардың белсенділігі мен педагогтердің шығармашылығы көпшілікке ерекше әсер сыйлады.
Табиғатты аялау – болашаққа деген қамқорлық.
Жас ұрпақтың бойына экологиялық мәдениетті қалыптастыру – баршамыздың ортақ міндетіміз!
Семинарға қатысып, тәжірибе алмасқан барлық әріптестерімізге алғыс білдіреміз!
Бірге жасыл болашаққа қадам басайық!
«Жасыл балабақша» жобасы «Зере» бөбекжай - балабақшасында басқа жобалар сияқты «Жаһандық деңгейде ойла, жергілікті әрекет ет» қағидасы бойынша құрылды және үш негізі бағыт бойынша жұмыс жасауды көздейді: мекеме қызметі, балабақшадағы балалардың іс - әрекеті және ата - аналармен ынтымақтастық.
Өткізген: Сәрсен Г. С.
"Зере" бөбекжай - балабақшасында "Жасыл ел - жасыл балабақшадан басталады", - атты семинар - практикум өтті.
Семинар - практикумда "Жасыл балабақша" пилоттық жобасын меңгерушіміз Кузенбаева У.Б. салтанатты түрде ашты.
"Зере" бөбекжай - балабақшасының педагогтері өздерінің іс - тәжірбиесімен бөлісіп, аудандық марапатқа ие болды.
| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | "Жасыл балабақша" пилоттық жоба бағдарламасы |