Кішкентай жүректерге үлкен қуаныш сыйлаған ерекше күн!
«Зере» бөбекжай-балабақшасында бүлдіршіндеріміз үшін әсерге толы «Байланыс зообағы» ұйымдастырылды.
Балалар сүйкімді жануарлармен жақын танысып, оларды қолдарына ұстап, сипап, ерекше әсер алды. Үйрек пен балапан, тотықұс, балықтар, ешкі мен лақ, қозы, күшік және мысық әр баланың қызығушылығын оятып, жүздеріне шаттық сыйлады. Жануарлармен етене араласқан бүлдіршіндердің қуанышы мен таңданысы көздерінен анық байқалды.
Көңілді шара барысында балалар жануарлар бейнеленген фоторамкада естелік суретке түсіп, балық аулау ойынында өз бақтарын сынады. Күлкіге, қызыққа және жарқын эмоцияларға толы бұл күн бүлдіршіндердің жүрегінде жылы естелік болып сақталары сөзсіз.
Балалардың шынайы күлкісі мен бақытты сәттері – біз үшін ең үлкен қуаныш!