«Су әлеміндегі ғажайып күн»
Бүгін балабақшамызда балалар үшін ерекше көңілді әрі есте қаларлық «Су әлеміндегі ғажайып күн» мерекесі ұйымдастырылды. Балдырғандар бассейнде шомылып, түрлі қызықты су ойындарын ойнап, балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Шат күлкі, су шашыраған қызықты сәттер, достарымен бірге өткізген көңілді ойындар балалардың жазғы демалысына ерекше әсер қалдырды. Осындай іс-шаралар арқылы бүлдіршіндер тек көңіл көтеріп қана қоймай, бір-бірімен достық қарым-қатынас орнатып, белсенділік пен ұйымшылдыққа тәрбиеленеді.
Балалардың жарқын жүздері мен шынайы қуанышы – біздің ең үлкен жетістігіміз!